2011-ші жылдың үздік футболшысы

11.01.2012, 02:05
2011-ші жылдың үздік футболшысы
Лионель Месси 2011-ші жылдың үздік футболшысы деп танылды. Сол арқылы Аргентинаның 24 жастағы әйгілі ойыншысы «Алтын доптың» 3 дүркін иегері атанды. Бұл туралы Швейцарияның Цюрих шаһарында өткен салтанатты шарада бүгін белгілі болды. Барселона шабуылшысы Месси ФИФА мен «Франс Футбол» журналының бас жүлдесін 3 жыл қатарынан жеңіп алған әлемдегі екінші футболшы. Бұған дейін мұндай құрметке қазіргі УЕФА президенті Мишель Платини ғана бөленген болатын. Леоға – «Алтын допты» бразилияның даңқты аяқ допшысы Рональдо табыс етті. Тәжге таласта Месси өзі ойнайтын Каталондық клубтың испаниялық жартылай қорғаушысы Хави мен мадридтік «Реалда» доп тебетін португалиялық форвард Криштину Роналдуды басып озды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×