2020 жылы ең көп дриблинг жасаған футболшылардың тізімі жарияланды

02.01.2021, 17:20
Бұл тізімнен Роналдуды көре алмадық.
2020 жылы ең көп дриблинг жасаған футболшылардың тізімі жарияланды

Халықаралық спорттық зерттеулер орталығы (CIES Football Observatory) 2020 жылғы Еуропаның ең үздік 5 лигасында ең көп дриблинг жасаған ойыншылардың тізімін жасады.

Рейтингтің көшбасшысы - "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси. Аргентиналық бір жыл ішінде қарсыластарын 166 рет сәтті алдап өткен екен.

Үздік ондық келесідей:

1. Лионель Месси ("Барселона") - 166 дриблинг;

2. Адама Траоре ("Вулверхэмптон") - 112;

3. Жереми Бога ("Сассуоло") - 96;

4. Аллан Сен-Максимен ("Ньюкасл") - 95;

5-6. Неймар (ПСЖ) - 81;

5-6. Уилфрид Заа ("Кристал Пэлас") - 81;

7. Андре-Франк Замбо-Ангисса ("Фулхэм") - 79;

8. Людовик Блас ("Нант") - 78;

9. Матеус Кунья ("Герта") - 77;

10. Набил Фекир ("Бетис") - 76.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×