2020 жылы пенальтиді сәтті орындаған футболшылардың тізімі жарияланды

08.01.2021, 16:36
Екі португалиялық футболщы бұл тізімнің көшін бастады.
2020 жылы пенальтиді сәтті орындаған футболшылардың тізімі жарияланды

Transfermarkt.de порталы 2020 жылы Еуропаның үздік 5 чемпионатында пенальтиден көп гол соққан ойыншылардың тізімін жариялады.

Рейтингтегі алғашқы орынды 17 пенальтиді голға айналдырған "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду иеленді. Екінші орында "Манчестер Юнайтедтің" жартылай қорғаушысы Бруно Фернандеш (15) тұр, ал үздік үштікті "Лацио" шабуылшысы Чиро Иммобиле (14) түйіндеді.

Үздік ондық төмендегідей:

1. Криштиану Роналду ("Ювентус") - 17 гол;

2. Бруно Фернандеш ("Манчестер Юнайтед") - 15;

3. Чиро Иммобиле ("Лацио") - 14;

4. Ромелу Лукаку ("Интер") - 10;

5-9. Андрей Крамарич ("Хоффенхайм") - 9;

5-9. Жордан Верету ("Рома") - 9;

5-9. Неймар (ПСЖ) - 9;

5-9. Лукас Окампос ("Севилья") - 9;

5-9. Лионель Месси ("Барселона") - 9;

10. Мохамед Салах ("Ливерпуль") - 8.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×