«Байқоңыр» клубының жаңа бас бапкері белгілі болды

08.01.2021, 16:25
Бұл маман Қазақстанның жастар құрамасын жаттықтырған.
«Байқоңыр» клубының жаңа бас бапкері белгілі болды

Бірінші лигада бақ сынайтын "Байқоңыр" футбол клубын енді Ерлан Махамбедиев жаттықтырады.

Ерлан Орақұлы - Қызылорда футбол мектебінің түлегі. Футболдық мансабын "Қайсар" командасынан бастап, "Яссы Сайрам", "Айжарық" секілді командаларда доп тепкен.

41 жастағы маман осы уақытқа дейін бірнеше бапкерлік сатыдан өткен. "Қайсар" және "Тараз" футбол орталығында жаттықтырушы, Қазақстан U-18 құрамасының бапкері, "Байқоңыр" ФК бас бапкерінің көмекшісі қызметін абыроймен атқарып келді. Айта кетейік, "Қайсар U-21” командасының бас бапкері қызметін атқарған Жарқын Жоламанов енді Ерлан Орақұлына көмек көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×