«Челси» дәрігерлерге көмек көрсетуге дайын екенін хабарлады

08.01.2021, 02:28
Абрамович дәрігерлерге өткен жылдың көктемінде де дәл осындай көмек көрсеткен еді.
«Челси» дәрігерлерге көмек көрсетуге дайын екенін хабарлады

"Челси" Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметіне (NHS) көмек көрсетуге дайын екендіктерін мәлімдеді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Клуб кезекті рет дәрігерлерді "Стэмфорд Бридж" стадионының жанында орналасқан арнайы қонақ үйдегі бөлмелермен қамтамасыз етеді. Пандемиямен күресетін дәрігерлердің жұмысын жеңілдету үшін "Челси" көктемде де осындай іс-әрекетке барған еді.

Клубтың иесі Роман Абрамович қайтадан қонақ үйге, оның ішінде ұйықтайтын орын мен таңғы ас беруге байланысты барлық шығындарды төлейді. Қонақүйді басқаратын Millennium Hotels and Resorts компаниясы клубты толығымен қолдайды, сондықтан Ұлттық денсаулық сақтау қызметіне тиісті қызметтерді ұсынуда барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды қамтамасыз етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×