«Ливерпуль» қыста ешқандай ойыншы сатып алмауы мүмкін

08.01.2021, 01:28
Мерсисайдтық клуб тек қорғаушы сатып алғысы келеді.
«Ливерпуль» қыста ешқандай ойыншы сатып алмауы мүмкін

"Ливерпуль" кадрлық мәселелерге қарамастан қысқы трансферлік терезеде жаңа ойыншы сатып алмауы мүмкін.

The Athletic-тің хабарлауынша, мерсисайдтық клуб өздерінің трансферлік стратегиясына қайшы келетін трансферлер жасамайды. "Қызылдар" футболшыны барлық жағынан командаға жүз пайыз сәйкес келсе ғана сатып алады, ал қазіргі уақытта ондай үміткерлер жоқ.

Бұған дейін "Ливерпуль" "Бавария" қорғаушысы Давид Алабаға ұсыныс жасағандығы хабарланған болатын. Соңғы мәліметтерге сенсек, клуб "Реалдың" капитаны Серхио Рамосқа қызығушылық танытып отыр. Еске салайық, қазіргі уақытта "Ливерпульдің" негізгі орталық қорғаушылары жарақат алғандықтан, командасына көмектесе алмайды.

Жақында Англия Премьер-лигасының 17-турында "Саутгемптонмен" болған матчта (0:1) жартылай қорғаушылар Фабиньо мен Джордан Хендерсон қорғаныс шебінде өнер көрсеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×