2020 жылы трансферлік құны айтарлықтай төмендеген ойыншылардың тізімі жарияланды

13.10.2020, 19:44
Бұл тізімге әлемнің үздік ойыншылары жиналған екен.
2020 жылы трансферлік құны айтарлықтай төмендеген ойыншылардың тізімі жарияланды

Transfermarkt порталы 2020 жылы трансферлік құны айтарлықтай арзандаған футболшылардың тізімін жасады.

Рейтингтің көшбасшысы - "Реал Мадрид" шабуылшысы Эден Азар, оның трансферлік құны 2020 жылдың қаңтарынан бастап 60 миллион еуроға төмендеді және қазіргі трансферлік құны 60 миллион еуроны құрайды. Екінші орында 40 миллион еуроға арзандаған "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси тұр. "Барселонаның" тағы бір ойыншысы Антуан Гризманн бұл көрсеткіш бойынша алғашқы үштікті түйіндеді. Ол Месси сияқты 40 миллион еуроға арзандаған, қазіргі трансферлік құны 80 миллион еуроға бағаланып отыр.

Алғашқы бестіктің қатарына "Манчестер Ситидің" ойыншысы Рахим Стерлинг (32 миллион еуроға арзандаған) және "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Неймар (32 миллион еуроға арзандаған) кірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×