Алмас Құлшынбаев: «Жанкүйерлерді қуантып, көпшілікті таң қалдыруға тырысамыз»

13.10.2020, 18:36
Команданың сегіз ойыншысы бүгінгі ойынға қатыспайды.
Алмас Құлшынбаев: «Жанкүйерлерді қуантып, көпшілікті таң қалдыруға тырысамыз»

21 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Алмас Құлшынбаев Испания U-21-ге қарсы өтетін ЕУРО-2021 турнирінің іріктеу матчы туралы пікірін білдірді:

- Сұлтан Сағнаев жарақат алды. Ол бізді ғана емес, Ұлттық құраманы да алға сүйрейді. Біреу ауырып қалды, ал кейбір ойыншылар жарақат алды. Қалай болғанда да, біз бұған назар аударғымыз келмейді. Орны толмас шығындар, біз сегізінші ойыншыдан айырылдық. Көңіл-күйімізді түсірмейміз, өйткені бәрібір ойнау керек.

Менің ойыншыларым Қазақстан құрамасының ойыншысы болуға лайықты екендіктерін дәлелдейді деп ойлаймын. Барлығы біздің Испаниямен ойнайтынымызды жақсы түсінеді. Командалық рух көп нәрсені білдіреді. Жанкүйерлерді қуантып, көпшілікті таң қалдыруға тырысамыз. Бір матчта бәрі болуы мүмкін.

Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет Испанияға қарсы ойынға дайындық туралы айтып берді:

- Испания - өте мықты құрама, тактика жағынан да өте күшті команда. Олардың ойыншылары, өздеріңіз білесіздер, Ла Лига, Италияның командаларында ойнайды. Осындай ойындардан біз тәжірибе жинаймыз, өзімізге керек нәрселерді аламыз. Сондықтан, бұл ойын бізге өте маңызды. Барымызды салып, намысқа тырысып ойнаймыз.

21 жасқа дейінгі Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Акмаль Бахтияров алдағы матч туралы пікірін білдірді:

- Жағдайға келетін болсақ, командада бәрі дұрыс. Жеңілісті ұмыттық, біз Испаниямен болатын ойынға дайындалып жатырмыз. Тәртіптің есебінен абыроймен ойнауға тырысамыз. Өзіміздің мүмкіндіктерімізді барынша тиімді пайдалануымыз керек, өйткені ондай сәттер аз болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×