Мен бұл туралы бес-алты сағат айта аламын - Бускетс «Барселонадағы» мәселелер туралы

13.10.2020, 15:02
Команданы жасартумен айналысып жатқан Куман Бускетсті де көп пайдаланбайтын шығар.
Мен бұл туралы бес-алты сағат айта аламын - Бускетс «Барселонадағы» мәселелер туралы

"Барселонаның" 32 жастағы жартылай қорғаушысы Серхио Бускетс командадағы мәселелер туралы сұраққа жауап берді.

"Бұл "Барселонадағы" ең нашар сәт. Мәселелердің мән-жайын ашып айтсам, бес-алты сағат уақытымды өткізер едім. Бұл біз үшін ең нашар жыл болды. Мәселелер жеке және ұжымдық сипатта болды. Футбол - бұл командалық ойын. Енді бізде жаңа мүмкіндік пайда болды және бәрі жақсы болады деп үміттенеміз", - деп келтіреді Sport.es. Бускетстің сөзін.

Еске салайық, өткен маусымның соңында Месси келісімшарттағы тегін кетуге мүмкіндік беретін опцияны қолданып, клубтан кететіндігі туралы хабарлаған еді. "Барселона" басшылығы аргентиналық футболшыны бұл нұсқа енді жарамсыз деп босатудан бас тартты. Каталониялық клуб Леоны тек 700 миллион еуро өтемақы төлеген командаға жіберуге дайын болды. 33 жастағы шабуылшы "Барселонамен" соттаспауға шешім қабылдады.

Өткен жазда командаға жаңа бапкер де тағайындалды. Энрике Сетьен қызметінен кеткеннен кейін команданы Рональд Куман өз қолына алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×