2020 жылы трансферлік құны айтарлықтай төмендеген ТОП-10 футболшы

Бұл футболшылардың трансферлік құнының төмендеуіне сүреңсіз ойыны мен жарақаттар әсер етті.
2020 жылы трансферлік құны айтарлықтай төмендеген ТОП-10 футболшы

Transfermarkt порталы Еуропаның үздік футболшыларының трансферлік құнын жаңартты. Кейбір ойыншылар қымбаттап жатса, басқалары құнын жоғалтты. Біз бүгін өткен жылы трансферлік құны айтарлықтай төмендеген ойыншылар туралы айтатын боламыз. Нарықтық құнының төмендеуіне әркімнің әр түрлі себептері бар.

10. Садио Мане, "Ливерпуль"

30 миллион еуро (150-120 миллион еуро)


Сенегалдық футболшы 2019/2020 жылғы маусымды жақсы өткізді. "Ливерпуль" сапында 47 кездесу өткізді, 22 голдың авторы атанды және 12 нәтижелі пас берді. Неліктен Маненің трансферлік бағасы төмендеді? Себеп - коронавирустық пандемия. 2020 жылдың көктемінде Transfermarkt ойыншылардың құны олардың жасына байланысты 10-20%-ға төмендейтінін мәлімдеді. Сонымен қатар, маусымды қайта бастағаннан кейін оның көрсеткіштері төмендеді - 9 матчта тек 4 гол. Ал бұл үзіліске дейін Мане әлдеқайда сәтті өнер көрсетті.

9. Харри Кейн, "Тоттенхэм"

30 миллион еуро (150-120 миллион еуро)


Харри Кейннің де басынан осындай жағдай өтті. Яғни трансферлік нарықта дағдарысқа ұшырады. "Тоттенхэм" шабуылшысы жарақатына байланысты бірнеше айға қатардан шығып қалды. Маусым айында Кейн Премьер-лигада қалған 9 кездесуде 7 гол соқты. Ал бұл маусымда 17 ойын өткізіп, 10 гол соқты және 11 нәтижелі пас берді. Осыдан кейін Кейннің бағасы қайта өсетіні сөзсіз.

8. Мохамед Салах, "Ливерпуль"

30 миллион еуро (150-120 миллион евро)


Салах 2017/2018 жылғы таңғажайып маусымнан кейін біршама бәсеңдеді. Сол маусымда Салах 52 кездесуде 44 гол соғып, серіктестеріне 16 рет гол соғуға мүмкіндік жасаған еді. Египеттік футболшы содан бері мұндай көрсеткішке қол жеткізе алмай келеді. Сәйкесінше, оның трансферлік бағасы да 30 миллион еуроға төмендеді.

7. Кевин Де Брёйне, "Манчестер Сити"

30 миллион еуро (150-120 миллион еуро)


Кевиннің трансферлік құны көпті таңқалдырады. Өткен жылы ойдағыдай ойнағанымен, бельгиялық футболшы қымбаттаған жоқ. Де Брёйненің тізімдегі аталған алдыңғы ойыншылардан айырмашылығы, ол тек алға жылжып келеді. Бельгиялық футболшы "гол + пас" жүйесі бойынша Премьер-лиганың 2019/2020 жылғы маусымының үздігі атанды - 13 гол мен 20 нәтижелі пас. Ал ағымдағы маусымда 2 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Ал Де Брёйненің бағасы неліктен өзгеріссіз қалғаны белгісіз.

6. Рахим Стерлинг, "Манчестер Сити"

32 миллион еуро (160 - 128 миллион еуро)


Стерлинг үш жылдан бері дәл осындай деңгейде ойнап келеді, яғни әр маусымда кем дегенде 40 нәтижелі әрекетпен көзге түсті. Белгілі болғандай, бұл нәтиже Transfermarkt үшін жеткіліксіз болды. Мадридтік "Реал" Стерлингке қызығушылық танытып отыр, бірақ "Манчестер Сити" көшбасшы ойыншысын жіберуі екіталай.

5. Неймар, ПСЖ

32 миллион еуро (160 - 128 миллион еуро)


Неймардың құны айтарлықтай төмендеуде. Басты себептердің бірі - бразилиялық футболшының Лига 1-де ойнауы, оның басқа жетекші чемпионаттардан деңгейі төменірек. Сонымен қатар, Неймардың көрсетіп жүрген нәтижесі ПСЖ-дағы алғашқы маусымымен салыстырғанда қатты төмендеді. Жарақаттар да кедергі келтірді - Францияда өткізген үш жыл ішінде ол жарақатына байланысты 400 күн алаңға шыға алмады. Бұл "Барселонадағы" көрсеткішінен екі есе көп.

4. Антуан Гризманн, "Барселона"

40 миллион еуро (120 миллион евро - 80 миллион евро)


Гризманнның "Атлетикодан" "Барселонаға" ауысуы өте үлкен қателік болып көрінеді. Француз футболшысы жанкүйерлер артқан үмітті ақтай алмады. Гризманн бұл маусымды да сәтсіз бастады. "Барселона" шабуылшы үшін 120 миллион еуро жұмсады. Бірақ "Барселона" Гризманнға лайықты орын таппады.

3. Лионель Месси, "Барселона"

40 миллион еуро (140-100 миллион еуро)


Аргентиналықтың 33 жасында дәл осылай ойнауы көпті таңқалдырды. Ия, Месси бұл маусымды сәтсіз бастады. Бірақ ол Ла Лиганың өткен маусымында 25 гол соғып, 21 нәтижелі пас берген еді. Мессидің трансферлік құнының төмендеуіне оның жасы кінәлі. Салыстыру үшін, Криштиану Роналдудың қазірдің бағасы 60 миллион еуроны құрайды, дегенмен ол Леодан екі жас үлкен. Өткен жазда Transfermarkt португалиялық футболшыны 90 миллион еуроға бағалады.

2. Кепа Аррисабалага, "Челси"

42 миллион еуро (60 - 18 миллион еуро)


Испаниялық қақпашы "Челсиде" сәтсіздікке ұшырады. "Ақсүйектер" Кепа үшін жұмсаған 80 миллион еуро ысырап болған секілді. Себебі ол көп қателесуде. Ал төзімі таусылған "Челси" Эдуард Мендиге сенім артты. Бірақ Кепаның болашағы бұлыңғыр болып көрінеді. Тіпті қазір бұл қақпашыны ешқандай клуб сатып алғысы келмейді. "Челси" Кепаны сату арқылы жұмсаған қаржының жартысын да таба алмайын деп тұр.

1. Эден Азар, "Реал Мадрид"

60 миллион еуро (120 - 60 миллион еуро)


Эден Азар "Реалға" әлемдегі ең мықты ойыншылардың бірі ретінде келді. Жаңа клубқа енді ауысқан Эден жарақат алды. Жарты жыл ішінде ол төрт рет жарақат алды. Испания баспасөзінің хабарлауынша, Азар жарақат алудан қорқады, бұл оның алаңға оралу процесін кешіктіреді. "Реал Мадрид" Азарға қорқынышын жеңуге көмектесу үшін тіпті психолог жалдады. Бельгиялық футболшы үшін бұрынғы деңгейге оралу өте қиын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×