«Астана» Беларусь құрамасының қорғаушысына қызығушылық танытуда

03.01.2021, 00:50
Қорғаушы қазір клубсыз жүр.
«Астана» Беларусь құрамасының қорғаушысына қызығушылық танытуда

Елордалық "Астана" Беларуссия құрамасының 32 жастағы қорғаушысы Егор Филипенконы сатып алуы мүмкін, деп хабарлайды KazFootball.kz. Футболшы БАТЭ командасынан кетті, ол беларуссиялық команда үшін барлығы 236 матч өткізіп, 13 гол соқты, 10 нәтижелі пас берді.

Бұған дейін "Астананың" Егор Филипенкоға келісімшарт ұсынғаны белгілі болған еді. Бірақ футболшының өзі "Астананың" бұрынғы жаттықтырушысы Роман Григорчук жаттықтыратын Беларуссия чемпиондары "Шахтер-Солигорск" клубына ауысқысы келді.

Естеріңізге сала кетейік, командадан Иван Маевский, сондай-ақ орталық қорғаушы Урош Радакович кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×