26-тур.Қара маржан Бабатунде "Ордабасыға" жеңіс сыйлады

11.09.2011, 01:26
26-тур.Қара маржан Бабатунде "Ордабасыға" жеңіс сыйлады

Ұлттық ұжым дүбірлі доп додаларынан отанға оралған соң Қазақстан чемпионаты қайта жалғасын тапты. Қостанайда жанкүйерлер сүйікті командасының жеңісіне мәз болып қайтты стадионнан. Соңғы кездері арнасынан адасқан "Тобыл" ағысын одан әрі үдете кетті. Қызылордадан қонақтап келген "Қайсар" қарымы қатты алаң иелерінің қармағына түсіп қалды. Ойынның соңғы минутында бағы жанған Бекрич онсызда турнир астында жүрген ұпайсыз "Қайсарды" белшеден батырды.

Жеңісіне букмекерлер 9 коэфицент берген "Ордабасы" кішігірім тосынсый жасап, аяқасты жеңіске жетті. Бабатунде соққан қос доп оңтүстіктің жігіттеріне маңызды үш ұпай сыйлады.

Өскеменнің "Востогы" өз алаңында Джон Грегори баптайтын "Қайратты" жеңе алмады. Немесе 1-ші Лигаға ауысудың аз-ақ алдында тұрған алматылықтар сырт алаңда ұпай жоғалтты. Матч барысын көрген адамдар дәл осылай айтып жатыр. Екі ұжымның да бұл матчта жеңіске жетулеріне мүмкіндіктер мол болған.

Ал алғашқы алтылықтың орталық ойыны – Ақтөбеде өтті. Дегенмен Владимир Мұқанов шәкірттері Астанамен өткен ойында жеңімпазды анықтай алмай тарасты. «Ертіс» болса Павлодарда «Шахтермен» шеберлік байқасып, басымдылығымен танылды. «Тараз» қонақта «Атыраумен» кездесіп таразы басын теңселтіп, қанжығаларына үш ұпай байлады.

«Жетісу» — «Ордабасы» 1:2 (1:1) Голдар: Бабатунде 15 (0:1), Бақаев 20 (1:1), Бабатунде 48 (1:2) «Ертіс» — «Шахтер» 2:1 (2:1) Голдар: Финонченко 14 (0:1), Мальцев 35 (1:1), Шабалин 42 (2:1) «Ақтөбе» — «Астана» 1:1 (1:0) Голдар: Хайруллин 38 (1:0), Жұмасқалиев 90 (1:1) Тобыл - Қайсар 2:1 (1:0) Голдар: Малышев 23 (1:0), Црнагорац 88 (1:1), Бекрич 89 (2:1) Восток - Қайрат 0:0

«Атырау» — «Тараз» 0:1 (0:1) Гол: Йованович 38 (0:1) Қызыл қағаз: Леон Мира 38

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Келесі жаңалық
Cоңғы турдан соң...
Серіктес жаңалықтары
×