Cоңғы турдан соң...

13.09.2011, 04:25
Cоңғы турдан соң...
Ұлттық ұжым дүбірлі доп додаларынан отанға оралған соң Қазақстан чемпионаты қайта жалғасын тапты. Ел чемпионы «Тобыл» Қостанайда «Қайсарды» қабылдады. Аталмыш ойында Бекрич өз клубын алға сүйреп, алаң иелеріне жеңіс сыйлады. Ал алғашқы алтылықтың орталық ойыны – Ақтөбеде өтті. Дегенмен Владимир Мұқанов шәкірттері Астанамен өткен ойында жеңімпазды анықтай алмай тарасты. «Ертіс» болса Павлодарда «Шахтермен» шеберлік байқасып, басымдылығымен танылды. «Тараз» қонақта «Атыраумен» кездесіп таразы басын теңселтіп, қанжығаларына үш ұпай байлады. Көш басындағы "Жетісу" болса «Ордабасыны» ойсыратуға тырысқанымен, онынан түк шықпады. Алаң иелері бұл кездесуде ұтылғанымен көшбасшылықты әлі де сақтап қалды. 1-ші Лигаға ауысудың аз-ақ алдында тұрған алматылықтар Өскемен өрендеріне өктемдік танытпай, тең нәтижені қанағат тұтты. Ойын нәтижелері төмендегідей: Тобыл - Қайсар 2:1 (1:0) Голдар: Малышев 23 (1:0), Црнагорац 88 (1:1), Бекрич 89 (2:1) Ескерту: Кислицын 22, Костюк 76 - Сағындықов 65 Тобыл: Багинский, Лотов, Кислицын, Куантаев, Овшинов (Жатеков 60), Сливич, Богданов, Малышев (Романов 55), Костюк, Бекрич, Гридин (Жолшиев 80) Резерв: Герфорт, Аханов, Юрин, Зебелян Қайсар: Нарзикулов, Црногорац, Эсатов, Сағындықов, Перич, Стахив, Анарметов (Эдейпо 46), Мәліков (Головешкин 78), Сыздықов, Тағыберген (Байжанов 67), Семлер Резерв: Алайдаров, Күшіков, Молдакараев, Ыбыраев Төрешілер: Антонов, Журавлев, Текиев (бәрі - Павлодар) Қостанай. «Орталық». 2000 көрермен. Восток - Қайрат 0:0 Ескерту: Ларин 84 – Джорджевич 64 Восток: Прядкин, Абдулин, Кисметов, Буряк, Ларин, Бидненко, Бейсебеков, Габышев (Юсупов 46), Эрбес, Згура, Уразбахтин (Удалов 80) Резерв: Төлебаев, Шабаев, Николаев, Оразов Қайрат: Рихард, Воротников, Фомин (Шакин 84), Сүйімагамбетов (Абугалиев 68), Горячий, Головской, Шестаков, Коструб, Джорджевич, Кинг, Хасенов Резерв: Розыбақиев, Балтиев, Мансуров, Климов, Шекель Төрешілер: Алёшин, Попов, Сүйінов (бәрі – Павлодар) Өскемен. Стадион «Восток». 1300 көрермен. Ақтөбе - Астана 1:1 (1:0) Голдар: Хайруллин 38 (1:0), Жұмасқалиев 90+ (1:1) Ескерту: Джилас 40, Лисенков 73, Костич 88 - Жұмасқалиев 59, Пахолюк 70, Карпович 79 Ақтөбе: Сидельников, Смақов, Бадло, Кенжесариев, Чичулин, Костич, Лисенков (Азаматов 82), Малетич (Семенов 78), Хайруллин, Мане, Джилас Резерв: Хохлов, Сахалбаев, Дарабаев, Мирошниченко, Бойченко Астана: Эрич, Нұрдәулетов, Гурман (Пахолюк 67), Әлиев, Дәуітов (Прокопенко 84), Карпович, Шахметов, Жумаскалиев, Дорош (Жалмағамбетов 46), Богавац, Бугаев Резерв: Белкин, Шомко, Азовский, Божиновски Төрешілер:  Салий, Попов (екуі де - Өскемен), Богданов (Семей) Ақтөбе. «Орталық». 8000 көрермен.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×