А сериясында өнер көрсететін 11 команда Суперлигаға қатысқан италиялық клубтардың жазаланғанын қалайды

25.04.2021, 20:19
Ал УЕФА «Ювентусты» еурокубоктен шеттетуі мүмкін.
А сериясында өнер көрсететін 11 команда Суперлигаға қатысқан италиялық клубтардың жазаланғанын қалайды

А сериясының кейбір клубтары "Ювентус", "Милан" және "Интердің" Суперлигаға қатысқаны үшін жазаланғанын қалайды.

Football Italia-ның хабарлауынша, А сериясында өнер көрсететін 11 клуб осы үш клубқа қатысты шара қолдануды талап еткен хатқа қол қойды. Хатта лига басшылығының ықтимал санкцияларды талқылау үшін шұғыл жиналыс жасауы да талап етілген.

Бұл хатқа "Рома", "Торино", "Болонья", "Дженоа", "Сампдория", "Сассуоло", "Специя", "Беневенто", "Кротоне", "Парма" және "Кальяри" клубтары қол қойған. Ал "Наполи", "Лацио", "Фиорентина", "Аталанта" және "Верона" аталмыш шараға қатысудан бас тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×