Ақтау қаласында жаңа стадион салынбақ

25.04.2021, 20:31
Жаңа стадионның құрылысы осы жылы басталады.
Ақтау қаласында жаңа стадион салынбақ

Биыл Ақтауда жаңа стадионның құрылысын бастау жоспарлануда, деп хабарлайды Vesti.kz. Құрылыс жеке инвесторлар есебінен жүзеге асырылады.

Маңғыстау облысының әкімдігі жаңа стадион салу идеясын мақұлдады. Сондай-ақ жақын арада қаланың жаңа ықшамаудандарының бірінде осы алаңға арнап жер бөлінеді.

Айта кету керек, жобаның негізгі бастамашыларының бірі болған жергілікті депутаттар екен. Жаңа стадионның сыйымдылығы сегіз мыңға жуық көрерменді құрайды.

Қазіргі уақытта жаңа жобаның бірнеше эскиздері қарастырылуда. Стадионның эскизін және дизайнын таңдау жақын арада жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚПЛ-да ойнайтын «Каспий» футбол клубы өз ойындарын бес мың көрермен сиятын «Жас Қанат» стадионында өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×