А сериясының келесі маусымға арналған добы көпшілік назарына ұсынылды

25.07.2020, 03:03
Жылдан-жылға керемет доптар шығаруда.
А сериясының келесі маусымға арналған добы көпшілік назарына ұсынылды

А сериясы өзінің ресми сайтында келесі маусымда чемпионат матчтарында қолданылатын допты ұсынды.

Келесі маусымнан бастап Италия чемпионатында "Nike Flight" доптары пайда болады, бұл доп келесі маусымда Ресей және Англия чемпионаттарында да қолданылады. Доптың түсі - ақ, одан бөлек көк және сары түстер де кездеседі. Ал өндірушінің логотипі қызыл түспен және ақ түспен белгіленген.

Жаңа технологиялардың арқасында доптың ұшу жолы жақсарады және оның турбуленттілігі 30% төмендейді деп айтылуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×