АПЛ-дің жаңа маусымы қыркүйекте басталады

25.07.2020, 02:55
Вирус бұл маусымға ғана емес, келесі маусымға да өз әсерін тигізуде.
АПЛ-дің жаңа маусымы қыркүйекте басталады

Англия Премьер-лигасының баспасөз қызметі алдағы 2020/2021 маусым 12 қыркүйекте басталады деп хабарлады. Ал келесі маусымның соңғы туры 23 мамырда өтеді.

"Ливерпуль" Премьер-Лиганың осы маусымның мерзімінен бұрын чемпионы атанды. Командалар осы аптада чемпионаттың соңғы 38-турын өткізеді. Турдың барлық матчтары 26 шілдеде өтеді.

Ағылшын премьер-лигасындағы клубтар 2020/2021 маусымына көрерменсіз дайындалып жатқаны хабарланды. Клубтар коронавирустық пандемия біткеннен кейін ғана футбол қалыпты жағдайға оралады деп күтеді. Көптеген сарапшылар пандемия 2021 жылдың ортасына дейін созылады деп санайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×