«Барселона» 12 ойыншыны сатады

24.07.2020, 23:07
Жазғы трансфер кезінде «Барселона» ойыншылар құрамын жаңартып алмақшы.
«Барселона» 12 ойыншыны сатады

Сатылымға қойылған ойыншылар ішінде қақпашы Нето, қорғаушы Самуэль Юмтити, Нельсон Семеду, Хуан Фирпо, жартылай қорғаушылар Иван Ракитич пен Артуро Видаль, шабуылшылар Мартин Брэйтуэйт пен Осман Дембеле бар. Сонымен қатар, "Барселонаның" әр клубта жалда жүрген футболшылары да сатылымға шығарылды. Олардың ішінде қорғаушы Жан-Клер Тодибо, хавбектер Карлос Аленья, Тиаго Алькантара, Филипе Коутиньолар да бар. Бұл ойыншыларды сату арқылы "Барселона" біршама қаржы табады. Оның үстіне бұл ойыншылардың болашағына сенім білдірмейді. Бас бапкер Кике Сетьен де аталған футболшыларға еш сенім артпайтынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×