Мессидің әкесі Миланнан үй алды

24.07.2020, 22:32
Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси өз атына Милан қаласынан пәтер сатып алды деп хабарлайды «La Gazzetta Della Sport» басылымы.
Мессидің әкесі Миланнан үй алды

Хорхе Порте-Нуева деп аталатын аумақтан пәтер сатып алды. Оған тамыз айында кіріп, жайғасса болады. Салық мәселесінде жеңілдіктер алу үшін осындай пәтерді сатып алу тиімді екені анық. Мұндай әрекетке Криштиану Роналду да барған еді.

"Интердің" титулды демеушісі Pirelli компаниясы Мессиді "Интер" клубына сатып әперуге көмектесетінін мәлімдеді. "Интерде" Жозе Моуриньоның асисстенті болған Жозе Мораиш Месси "Интерге" ауысуы ықтимал деп сұқбат берді. 32 жастағы аргентиналық аяқдопшының "Барселонамен" келісімі 2021 жылы аяқталады. Ол 2005 жылдан бері Каталония клубында өнер көрсетіп келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×