А сериясының қазан айындағы үздік бапкері белгілі болды

08.11.2021, 19:02
Бұл бапкердің командасы қазан айындағы барлық ойында жеңіске жетті.
А сериясының қазан айындағы үздік бапкері белгілі болды

«Миланның» бас бапкері Стефано Пиоли қазан айындағы Италия чемпионатының үздік бапкері атанды, деп хабарлайды А сериясының баспасөз қызметі.

Қазан айында «Милан» ел біріншілігі аясында бес кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Стефано Пиоли шәкірттері «Аталанта» (3:2), «Верона» (3:2), «Болонья» (4:2), «Торино» (1:0) және «Ромадан» (2:1) басым түсті.

Ал кеше миландық дербиде «Интермен» тең ойнады (1:1). Стефано Пиоли осы матчтың алдында марапатталды.

Қазіргі уақытта «Милан» 32 ұпай жинап, ел чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×