«Милан» клубтық рекордын жаңартты

08.11.2021, 12:18
Миландықтар 12 турда 32 ұпайды қоржынға салды.
«Милан» клубтық рекордын жаңартты

Миландағы "Сан-Сиро" (Джузеппе Меацца) стадионында Италия А сериясының 12-турындағы орталық матч аяқталды. Миландықтар өз алаңында "Интермен" тең ойнады (1:1).

Opta Paolo статистикалық порталы хабарлағандай, бұл "Миланға" клубтық рекордын жаңартуға мүмкіндік берді. "Милан" өз тарихында алғаш рет 12 турдан кейін 32 ұпайға ие болды. Стефано Пиоли шәкірттері 10 матчта жеңіске жетіп, 2 рет тең түскен.

Лучано Спаллетти баптайтын "Наполи" де тура осындай көрсеткіштерге ие, бірақ соғылған және өткізілген голдар айырмасы бойынша турнирлік кестеде көш бастап тұр.

Келесі турда "Милан" "Фиорентинамен" сырт алаңда кездеседі. Матч 20 қарашаға жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×