Абат Аймбетов “Ақтөбеге” қайта оралады

Бүгін, 08:15

Қазақстандық шабуылшы Абат Аймбетов жақын арада "Ақтөбе" сапына қосылып, команданың шабуыл шебін күшейтпек, деп хабарлайды Aladop.kz.

Абат Аймбетов “Ақтөбеге” қайта оралады

30 жастағы футболшы — "Ақтөбe” футбол мектебінің түлегі. Ол өзінің Қазақстан Премьер лигасындағы алғашқы қадамдарын дәл осы Батыс Қазақстандық клубтың құрамында бастаған болатын.

Абат Аймбетов 2026 жылдың ақпан айынан бастап Румыния чемпионатында өнер көрсетті. "Петролул” клубының сапында ол барлығы 8 матч өткізіп, бір мәрте гол соғып үлгерді. Енді ол өзінің кәсіби мансабын бастаған “Қызыл-Ақтар” сапына қайта оралып отыр.

Қазіргі уақытта "Ақтөбе” Қазақстан Премьер лигасының 17 турының қорытындысы бойынша 25 ұпаймен турнирлік кестеде жетінші орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×