Қазақстан Премьер лигасының 17-туры жанкүйерлер үшін күтпеген нәтижелер мен қызықты матчтарға толы болды. Турдың басты сенсациясы — кестесінің көшбасшысы “Ордабасының” алғаш рет жеңіліске ұшырауы, деп хабарлайды Aladop.kz.
Төменде осы турдың ойындарына және лиганың қазіргі жағдайына толық шолу ұсынылады.
17-тур ойындарына сараптама
Өткен турдың нәтижелері турнир кестесінің жоғарғы және төменгі бөлігіндегі тартысты одан әрі шиеленістіре түсті:
– “Каспий” 3:2 “Ордабасы” : Бұл турдың басты тосынсыйы болды. Маусым бойы жеңілмей келген Шымкенттік “Ордабасы” Қызылордада ұтылып, биылғы маусымдағы алғашқы жеңілісін алды. Бұл нәтиже “Қайратқа” чемпиондық жарыста көшбасшыға жақындауға мүмкіндік берді.
– “Астана” 3:2 «Ақтөбе” : Турдың орталық матчтарының бірінде “Астана” өз алаңында маңызды жеңіске жетіп, 29 ұпаймен үшінші орындағы позициясын нығайтты.
– “Тобыл” 3:1 “Оқжетпес” : Қостанайлық клуб сенімді жеңіске жетіп, турнир кестесінің орта тұсына жақындады, ал “Оқжетпес” төртінші орында қалғанымен, көшбасшылардан қалып келеді.
– “Ұлытау” 1:0 “Қайсар” : “Ұлытау” командасы өз алаңында минималды есеппен жеңіске жетіп, 26 ұпаймен 6-орынға көтерілді.
– “Ертіс” 0:1 “Жеңіс” және “Жетісу” 0:1 “Алтай” : Қонақта жеңіске жеткен “Жеңіс” пен “Алтай” өз жағдайларын біршама түзеп алды. “Ертіс” 11 ұпаймен турнир кестесінің ең соңында қалып отыр.
Турнир кестесі және көшбасшылар
17-турдан кейін “Ордабасы” 40 ұпаймен әлі де көшбасшы, бірақ екінші орындағы “Қайраттың” 39 ұпайы бар, айта кетерлігі, “Қайрат” бір ойын артық өткізген. Үздік үштікті 29 ұпаймен “Астана” түйіндеп тұр.
Сұрмергендер:
– Жорже Габриель Да Коста Монтейро (“Қайрат”) — 8 гол
– Роман Мұртазаев (“Елімай”) — 8 гол
– Дастан Сәтпаев (“Қайрат”) & Жасұлан Әмір (“Ордабасы” — 7 гол
Ассистенттер:
Асхат Балтабеков (“Жетісу”), Бауыржан Исламхан (“Астана”), Жорже Габриель Да Коста Монтейро (“Қайрат”), Ойва Юккола (“Қайрат”), Эдмилсон (“Қайрат”) және Владислав Васильев (“Оқжетпес”) 4 нәтижелі паспен көш бастап тұр.
Қақпашылар:
“Қайрат” қақпашысы Темірлан Анарбеков 9 құрғақ матчпен үздік нәтиже көрсетуде. Екінші орында 8 құрғақ матч өткізген Бекхан Шайзада (“Ордабасы”).
Лиганың жалпы дамуына сараптама
2026 жылғы маусым Қазақстан футболының айтарлықтай өскенін көрсететін статистикалық көрсеткіштермен ерекшеленеді:
1. Көрермен қызығушылығы: Жалпы көрермен саны 833 986-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 34.2%-ға артқан. Тікелей трансляцияларды көру көрсеткіші 114%-ға өсіп, 6 миллионнан асты.
2. Жастарға сенім: Лига айтарлықтай
жасарған. Ойыншылардың орташа жасы 27.5-тен 25.4-ке дейін төмендеген. Бұл — клубтардың жас таланттарға көбірек көңіл бөле бастағанының белгісі.
3. Тәртіп: Ойын сапасы мен тәртіп жақсарған. Сары қағаздар саны 7.4%-ға, ал қызыл қағаздар саны 39.7%-ға азайған. Фолдар саны да кеми түскен.
4. Нәтижелілік: Орташа есеппен бір матчта 2.26 гол соғылуда, бұл өткен жылмен салыстырғанда сәл төмен (2.46 болған), бірақ ойынның тартыстылығы мен қорғаныстың күшейгенін білдіреді.
Тұтастай алғанда, ҚПЛ-2026 маусымы сапалық жағынан жаңа деңгейге көтеріліп, көрермен үшін тартымдырақ бола түскенін байқауға болады. Чемпиондық атақ пен турнир кестесіндегі орындар үшін күрес алдағы турларда бұдан да қыза түспек.