Абат Аймбетов ұлттық құрамаға шақырмауды өтінген

28.05.2025, 23:25

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Али Алиев шабуылшы Абат Аймбетовтің маусым айындағы ойындар алдындағы команда құрамынан неге тыс қалғанын түсіндірді.

Абат Аймбетов ұлттық құрамаға шақырмауды өтінген

— Біз онымен хабарластық. Ол отбасылық жағдайға байланысты ұлттық құраманың сапына шақырмауды сұрады. Түркия чемпионатындағы соңғы ойынынан кейін ол үйіне оралады. Шынында да, жағдай күрделі. Сондықтан түсіністікпен қарадық. Қазір ол жақындарының жанында болуы керек, — деді Алиев.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 5 маусым күні Минскіде Беларуське қарсы жолдастық матч өткізеді. Ал 9 маусымда «Астана Аренада» Солтүстік Македонияға қарсы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында ойын өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×