«Ақтөбе» - «Қайрат» матчының билеті 1 сағатта сатылып кетті

28.05.2025, 22:45

11 турдың орталық ойыны саналатын "Ақтөбе" - "Қайрат" кездесуіне билет сатылымға шыққан сәтте бітіп қалды.

«Ақтөбе» - «Қайрат» матчының билеті 1 сағатта сатылып кетті

Бұл ойын алдағы жұма күні Ақтөбе қаласындағы 12 800 жанкүйерді сыйдыра алатын “Қобыланды батыр” атындағы стадионда өтеді. Қазіргі сәтте командалар турнир кестесінің 1-2-орындарында орналасқан.

Өткен турда “Ақтөбе” клубы Талдықорғанда 1:2 есебімен “Жетісуге” есе жіберсе, “Қайрат” өз алаңында Бірінші лигадан көтерілген “Оқжетпеске” 1:3 есебімен жол берген еді. Айта кетейік, 2022 жылдан бері ақтөбеліктер өз жерінде “Қайратты” жеңіп келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ҚПЛ
Aladop Youtube
×