
Сәрсенбі, 28 мамыр күні Ресей Премьер-Лигасында ойнау құқығы үшін өткен алғашқы плей-офф матчында Екатеринбургтің «Урал» және Грозныйдың «Ахмат» командалары кездесті.
Ойын Ресейдің Екатеринбург қаласындағы «Екатеринбург Арена» стадионында өтті. Бірінші таймда «Ахмат» есеп ашып, 21-минутта Георгий Мелкадзе айып добынан дәл соққымен мергендік танытты. Екінші таймда «Ахмат» құрамында Қазақстандық шабуылшы Максим Самородов алаңға шықты. Содан кейін ойын барысы түбегейлі өзгерді. «Уралдың» шабуылшысы Мартин Секулич 50-минутта пенальтиден есепті теңестірді. Ал 59-минутта олар ойын сәтінде тағы бір гол салып, командасын алға шығарды. Төрешінің финалдық ысқырығы «Уралдың» жеңіске жеткенін тіркеді. Есеп: 2:1.
Жауапты ойын 31 мамыр күні Грозныйда (Ресей) өтеді.
Біздің серіктес: FONBET