УЕФА Суперкубок иегері "Жеңіс" клубына келуі мүмкін

28.05.2025, 19:36

“Жеңіс” клубы жақын уақытта бас бапкердің міндетін атқарушы Пірәли Әлиевтің орнын толыққанды бапкерге ауыстырмақшы.

УЕФА Суперкубок иегері "Жеңіс" клубына келуі мүмкін

Дереккөзге сенсек, украиналық бапкер Андрей Демченко «Жеңіс» клубының бас бапкері қызметіне басты үміткердің бірі ретінде қарастырылуда.

48 жастағы маман ойыншы ретінде мәскеулік “ЦСКА”, нидерландтық «Аякс», украиналық «Металлург» (Запорожье), «Ильичевец», «Оболонь» және молдавиялық «Дачия» клубтарында өнер көрсетті. «Аякс» сапында 1995 жылы УЕФА Суперкубогы мен Интерконтиненталдық кубокты жеңіп алған. Ресейдің жастар құрамасында да ойнаған.

Сондай-ақ Андрей Демченко Украинадағы «Металлург», «Верес», «Металлист 1925» және «Львов» клубтарын, сондай-ақ Өзбекстанның «Обод» және Грузияның «Дила» командаларын жаттықтырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ҚПЛ
Aladop Youtube
×