
Максим Самородов "Ахмат" сапында
Бүгін Максим Самородов «Ахмат» сапында «Уралға» қарсы өтетін тоғыспалы ойында өнер көрсетуі мүмкін.
РПЛ-де ойнау құқығы сарапқа салынатын матч Екатеринбург қаласындағы «Екатеринбург Арена» алаңында болады. Жауапты ойын 31-мамырда Грозный қаласында өтпек. Қос ойын қортындысында басым болған клуб келесі маусымда Ресей премьер-лигасында өнер көрсетеді.
Айта кетейік, грозныйлық клуб биыл РПЛ-ді 14-орынмен аяқтады. Ал «Урал» Бірінші лигада төртінші болған. Сөйтіп, қос ұжым жоғары дивизион жолдамасын өзара сарапқа салмақ.
Максим Самородовтың өзіне келер болсақ, РПЛ-24/25-маусымында 22 ойында 5 гол мен 4 ассисттің авторы атанды. Сондай-ақ, Ресей Кубогіндегі 6 матчта екі рет мергендік танытқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET