
Күні мен уақыты - 29-мамыр Астана уақытымен 00:00-де басталады.
«Бетис» финалға тар жол тайғақ кешіп шықты. Мануэль Пелегрини командасы жалпы кезеңде тікелей жолдаманы еншілей алған жоқ. Нәтижесінде плей-офф кезеңін тоғыспалы ойындардан бастады. Мұнда испаниялықтар әсіресе «Фиорентинамен» әбден әуре болған - финал билетін тек сырт алаңда өткен матчтың овертаймында қалтаға салды.
Севильялық ұжым «Челсимен» төрт рет жолыққан, мұндағы басымдық лондондықтар жағында - үш жеңіс. Ал «Бетис» тек бір ойында үстемдік танытқан. Доп айырмасы да лондондықтар жағында 9:3.
«Челси» негізгі кезеңде бірде-бір рет ұтылған жоқ, доп айырмасы 26-5. Финалға дейін ұпайдан шашау шығармай жеткен лондондықтар тек плей-оффта ғана бір рет сүрінді (ширек финалда Легиядан қарымта ойында 1:2-мен ұтылған). Жалпы, шешуші матчқа осылай қарқынға қарқын қосып жеткен Энцо Маресканың шәкірттері бүгін еурокубокті еншілеуді көздейді.
Біздің болжам - ойынның жалпы тоталы 3-тен кем болады. Барлық финалға тән бұл кездесу де жабық болуы ықтимал. Fonbet.kz букмекерлік кеңсесі бұл нұсқаны таңдағандарға 1.55 коэффициент тарту етеді.
Біздің серіктес: FONBET