Букмекерлер қайда қалды? ҚФФ жаңа серіктес тапты

28.05.2025, 11:55

Yandex Qazaqstan Қазақстан футбол федерациясы, ҚПЛ және ұлттық құраманың ресми серіктесі атанды.

Букмекерлер қайда қалды? ҚФФ жаңа серіктес тапты
ҚПЛ кездесуінен

Бұл туралы ҚФФ баспасөз-қызметі мәлімдеген болатын. 

Енді жанкүйерлер Қазақстанның клубтық турнирлерін «Кинопоис» платформасынан тамашалай алады. «Кинопоиск» пен ҚФФ жанкүйерлерге әр тур сайын үздік ойынды таңдауға эксклюзивті мүмкіндіктерді ұсынады. «Яндекс Іздеу» жүйесі арқылы ойын нәтижелерін, кесте, футболшылар құрамы және өзге де маңызды ақпараттарды оңай бақылауға болады.

Бұдан бөлек, ҚФФ мен Yandex Qazaqstan қалалық сервистер арасында да бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл ретте стадиондарға арнайы көлік қою, жанкүйерлерге арналған инфрақұрылымды дамыту сынды мәселелер қарастырылуда.

«Цифрлық сервистермен серіктестік құру біз үшін футболды танымал етуге, жанкүйерлерге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұл әріптестік қазақстандық футболға деген қызығушылықты жаңа деңгейге көтеретініне сеніміміз мол», — деді ҚФФ бас хатшысы Давид Лория.

«Қазақстан футболының ойындарын көрсету біз үшін үлкен мәртебе. Біздің технологиялар мен сервистер азаматтардың футболға деген қызығушылығын арттыруға қызмет ететініне қуаныштымыз. Жанкүйерлерге билет сатып алып, ойын көріп, тіпті стадионға тамаққа тапсырыс беруге болатын тұтас инфрақұрылым қалыптастыруға тырысамыз. «Кинопоиск» платформасының спорт бөлімі трансляциялар мен қосымша контент желісін белсенді түрде кеңейтіп жатыр», - деп атап өтті Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×