Абат Айымбетов «Астана» футболшысы атанды

03.04.2021, 02:45
Абат елордалық клубта 17 нөмірмен ойнамақ.
Абат Айымбетов «Астана» футболшысы атанды

Бүгін «Астана» футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Аймбетовпен келісім-шарт жасасты.

Өзінің кәсіби мансабын «Ақтөбе» командасында бастаған Абат Қазақстан чемпионы атанды және ел Суперкубогін жеңіп алды, сондай-ақ еурокубоктық ойындарға да қатысып үлгерді.

«Ақтөбеден» кейін Айымбетов «Қайрат» сапына ауысты. Онда шабуылшы команданың үздік сұрмергені атанып, алтын жүлдеге қол жеткізеді. Қыста Абат Ресейдің ФНЛ-де ойнайтын «Крылья Советов» клубына ауысқан еді.

Шабуылшы Қазақстан ұлттық құрамасы үшін 13 ойын өткізіп, 2 гол соқты.

Абат елордалық команданың сапында жазғы трансферлік терезеге (1 шілде) дейін жалға ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×