Қазақстандық шабуылшы белоруссиялық клуб сапындағы алғашқы матчында гол соқты

03.04.2021, 01:04
Матвей - «Шахтер» клубының түлегі
Қазақстандық шабуылшы белоруссиялық клуб сапындағы алғашқы матчында гол соқты

20 жастағы қазақстандық шабуылшы Матвей Герасимов "Ислочьтің" қосалқы командасындағы алғашқы кездесуінде гол соқты. Бірақ бұл кездесуде "Шахтер Солигорск-2" командасы 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық шабуылшы алаңға негізгі құрамда шығып, 16-минутта гол соқты, ал 62-минутта орнын командаласына босатып берді.

Естеріңізге сала кетейік, Матвей Герасимов - қарағандылық "Шахтердің" түлегі. Ол осы жылдың наурыз айында "Ислочь" клубымен келісім-шартқа отырған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×