АПЛ-дің наурыз айындағы үздіктері анықталды

02.04.2021, 22:43
Келечи үш матчта бес гол соқты, ал Тухель жеті ұпайға ие болды.
АПЛ-дің наурыз айындағы үздіктері анықталды

"Лестер Ситидің" шабуылшысы Келечи Ихеаначо Премьер-лиганың наурыз айындағы үздік ойыншысы атанды.

24 жастағы нигериялық шабуылшы наурыз айында "Лестердің" үш матчына қатысты: "Бернли" (1-1), "Брайтон" (2-1) және "Шеффилдке" (5-0) қарсы ойындарда бес гол соқты.

Ихеаначо дауыс беру кезінде Андреас Кристенсенді ("Челси"), Харри Кейнді ("Тоттенхэм"), Джесси Лингардты ("Вест Хэм"), Рияд Марезді ("Манчестер Сити"), Илан Мельені ("Лидс"), Люк Шоу ("Манчестер Юнайтед") және Леандро Троссарды ("Брайтон") артқа тастады.

"Челсидің" бас бапкері Томас Тухель Премьер-лиганың наурыз айындағы үздік бапкері болып танылды.

Лондондық клуб наурыз айында өткен екі кездесуде жеңіске жетіп, бір рет тең түскен. Неміс маманы "Челсиге" небәрі екі ай бұрын келген еді.

Сонымен қатар бұл марапатқа Грэм Поттер ("Брайтон"), Брендан Роджерс ("Лестер") және Оле Гуннар Сульшер ("Манчестер Юнайтед") ұсынылды.

Ал "Тоттенхэм" клубының жартылай қорғаушысы Эрик Ламеланың "Арсенал" қақпасына соққан голы АПЛ-дің наурыз айындағы үздік голы деп танылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×