«Екібастұз» «Қайрат» клубының түлегін қатарға қосты

02.04.2021, 22:16
Футболшы алматылық клубпен бірге Қазақстан Кубогі мен Суперкубогін жеңіп алды.
«Екібастұз» «Қайрат» клубының түлегін қатарға қосты

"Екібастұз" футбол клубы Ойбек Балтабаевпен келісім-шартқа отырғанын жариялады. 26 жастағы жартылай қорғаушы жаңа командасында 8 нөмірмен өнер көрсетпек.

Ойбек - Алматы футбол мектебінің түлегі. Ол мансабын 2012 жылы "Қайраттың" қосалқы құрамында бастаған. 2016 жылы ол "Мақтааралға" кетті, содан кейін "Қайратқа" оралып, негізгі командада дебют жасады.

Балтабаев Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан Кубогі мен Суперкубогінің иегері (2017) атанды. 2018 жылғы маусымда ол "Алтай" сапында жалға ойнады. Ал 2019 жылғы маусымның жартысын Павлодардың "Ертісінде" және "Алтайда" өткізді. Өткен маусымда "Мақтаарал" клубында өнер көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×