Бадибанга мансабын Қазақстанда жалғастырады

02.04.2021, 20:45
Бадибанга «Ордабасы» клубынан жоғары мөлшердегі жалақы сұраған болатын.
Бадибанга мансабын Қазақстанда жалғастырады

Қарағандылық "Шахтер" шабуыл шебін күшейтуді жалғастыруда және жақын арада бельгиялық футболшы Зиги Бадибангамен келісім-шартқа отыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Шахтер" мен Бадибанга арасындағы келіссөздер сәтті өтуде және қос тарап осы маусымның соңына дейін келісім-шарт жасасады.

Қазақстан Суперкубогінің матчтарынан кейін "Шахтер" клубының директоры Ерлан Уразаев үш-төрт позицияны күшейту керек деп айтқан болатын. Осыдан кейін "кеншілер" Солтүстік македониялық қорғаушы Давид Атанаскоскиді қатарға қосты, енді командаға Бадибанга келуі мүмкін. Сондай-ақ, "Шахтер" орталық шабуылшы алғысы келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Бадибанга соңғы екі маусымда "Ордабасы" сапында өткізді. Алайда, қыста бапкерлер құрамы ауысқаннан кейін шымкенттік клуб 29 жастағы футболшымен келісім-шартты ұзартқысы келмеді. Қазір футболшы еркін агент болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×