D тобының үздіктері қатарына Қазақстан құрамасының үш ойыншысы кірді

02.04.2021 14:38 Ұлттық құрама

Символикалық құрамға Финляндия мен Босния құрамасынан бірде-бір ойыншы енген жоқ.

D тобының үздіктері қатарына Қазақстан құрамасының үш ойыншысы кірді

Қазақстан құрамасының үш ойыншысы апта қорытындысы бойынша 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеуі кезеңіндегі «D» тобының символикалық құрамына енді, деп хабарлайды WhoScored статистикалық порталы.

Стас Покатилов (7,8), Сергей Малый (7,1) және Руслан Валиуллин (6,7) аптаның үздік құрамына кірді.


Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Украинамен тең ойнады (1:1).

0 пікір