Маурицио Сарри италиялық клубты жаттықтырмақ

02.04.2021, 10:00
Сарри римдік клубты баптау үшін үш бірдей клубтың ұсынысынан бас тартқан.
Маурицио Сарри италиялық клубты жаттықтырмақ

"Ювентус", "Наполи" және "Челсидің" бұрынғы бас бапкері Маурицио Сарри осы жазда "Романың" бас бапкері атануы мүмкін. 62 жастағы маман осы қызмет үшін басты үміткер болып саналады, деп хабарлайды Calciomercato.

Сарридің агенті Пауло Фонсеканың отставкаға кетуіне дайындалып жатқан "Рома" басшылығымен екі кездесу өткізді. Сондай-ақ римдік клуб бас бапкер қызметіне Массимилиано Аллегридің кандидатурасын қарастыруда.

Дереккөздің хабарлауынша, "Ромаға" ауысу үшін Сарри "Фиорентина" мен басқа чемпионаттардағы екі клубтың ұсынысынан бас тартқан.

Маурицио Сарриді "Наполи" клубы қайтарғысы келген еді. "Марсель" де италиялық маманға қызығушылық танытты, бірақ Сарри франциялық клубты жаттықтырудан бас тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×