ҚФФ «Атырау» футболшысына жаза тағайындады

02.04.2021, 04:34
Ойыншы бір айға футболдан шеттетілген болатын. Бүгін бұл шешім өзгеріске ұшырады.
ҚФФ «Атырау» футболшысына жаза тағайындады

2021 жылы 31 наурызда Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысы өтті. Отырыста "Атырау" футболшысына қатысты шешім қабылданды.

Матчтың бас төрешісіне қатысты спорттық емес мінез-құлық көрсеткені үшін, тәртіптік регламенттің 53-бабына сәйкес, «Атырау» командасының ойыншысы Сәбит Тастанбеков төрт матчқа шеттетіледі. Жаза мерзімі 2021 жылдың 31 наурызынан бастап есептеледі.

Айта кетейік, күні кеше ҚФФ төрешілер комитеті сол матчтың бас қазысы Арман Исмұратовты осы маусымның соңына дейін қызметінен шеттеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×