Goalkz.kz сайтына белгілі болғандай, Абат Айымбетов жақын арада "Астана" командасына ауысуы мүмкін.
"Крылья Советов" клубында ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов елордалық клубқа ауысуға өз келісімін берді, тек құжаттарды реттеу ғана қалды. "Астана" өз кезегінде ойыншыны маусымның соңына дейін жалға алғысы келеді.
Абат өткен маусымда "Қайрат" сапында 20 матч өткізіп, 10 гол соқты. Ойыншы "Ақтөбенің" түлегі болып табылады (123 ойын, 25 гол).
Айымбетов "Крылья Советов" сапында бірде-бір ресми матчқа қатысқан жоқ. Осыған қарамастан шабуылшы Қазақстан құрамасының алдағы ойындарына шақырту алды.
Біздің серіктес: FONBET