Ибрагимович Италия чемпионатының рекордын орнатты

22.03.2021, 19:00
Златан Швеция құрамасының алдағы ойындарына шақыртылды.
Ибрагимович Италия чемпионатының рекордын орнатты

А сериясының 28-турында "Фиорентина" өз алаңында "Миланды" қабылдады. Кездесу Флоренциядағы "Артемио Франки" стадионында өтіп, 2:3 есебімен аяқталды.

Есепті 9-минутта "Милан" шабуылшысы Златан Ибрагимович ашты. Осылайша, швециялық шабуылшы А сериясының тарихында бір маусымда 15 гол соққан ең егде (39 жас, 169 күн) ойыншы атанды, деп хабарлайды Lapadula News.

"Милан" 28 матчта 59 ұпай жинап, Италия чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орында тұр.

Бұған дейін "Милан" шабуылшысы Златан Ибрагимовичтің Швеция құрамасына шақырту алғаны хабарланған еді. Шабуылшы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Грузия және Косово құрамаларымен және Эстониямен болатын жолдастық ойынға қатысуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×