Месси «Барселона» сапында тарихи рекорд орнатты

22.03.2021, 20:10
Испания чемпионатында өткізген матчтар саны бойынша Месси жетінші орында тұр (511 матч)
Месси «Барселона» сапында тарихи рекорд орнатты

Ла Лиганың 28-туры аясында "Реал Сосьедад" "Барселонаны" қабылдады. Кездесу Сан-Себастьяндағы "Аноэта" стадионында өтіп, 1:6 есебімен каталондық клубтың пайдасына аяқталды.

Лионель Месси бұл ойында дубль жасап, бір нәтижелі пас берді. Бұл 33 жастағы аргентиналық футболшының "Барселона" жейдесіндегі 768-ші ресми ойыны болды. Каталондық клуб сапында өткізген матчтар саны бойынша Месси Хавиді (767 матч) артқа тастап, тарихи рекорд орнатты. Месси "Барселона" сапында 663 гол соғып, 264 нәтижелі пас берді.

62 ұпай жинаған Рональд Куман шәкірттері Испания чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орында келе жатыр. Лионель Месси 23 голмен үздік сұрмергендер кестесінде бірінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×