Абат Айымбетов «Крылья Советов» клубының ойыншысы атанды

22.02.2021, 13:25
Жаңа клубта 9-нөмірмен өнер көрсетпек.
Абат Айымбетов «Крылья Советов» клубының ойыншысы атанды

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайраттың» шабуылшысы Абат Айымбетов «Крылья Советов» ойыншысы атанды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

25 жастағы шабуылшы жаңа командасында 9-нөмірмен ойнайтын болады. Футболшымен маусым соңына дейін келісім-шарт жасалды. Егер самаралық клуб РПЛ-ге жолдама алса, мәміле тағы екі жылға ұзартылатын болады.

Абат бұған дейін «Ақтөбе» мен «Қайрат» командаларында ойнаған. Бұл клубтарда шабуылшы ел чемпионы және Қазақстан Суперкубогінің иегері атанды. Қазақстан құрамасы үшін шабуылшы 12 матч өткізіп, 2 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×