«Қайрат» ресейлік клубқа есе жіберді

22.02.2021, 03:11
«Қайрат» келесі кездесуін «Роторға» қарсы өткізеді.
«Қайрат» ресейлік клубқа есе жіберді

Алматылық "Қайрат" Түркиядағы ОЖЖ аясында "Рубин" клубына қарсы жолдастық кездесу өткізді. Ойын 0:1 есебімен ресейлік клубтың пайдасына аяқталды. Матчтағы жалғыз әрі жеңісті голды 11 минутта Грузия құрамасының ойыншысы Кварацхелия соқты.

"Қайраттың" негізгі құрамы: Покатилов – Оганесян, Әліп, Дугалич, Миканович – Ульшин, Косович, Алыкулов, Мамба – Шушеначев, Лав.

Алексей Шпилевский шәкірттері келесі кездесуін волгоградтық "Роторға" қарсы өткізетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×