Абат Айымбетов түрік командасындағы алғашқы голын соқты

18.05.2024, 00:13

“Аданадемирспор” ұжымы Түркия Суперлигасының 37-турында “Антальяспорда” қонақ болды. 

Абат Айымбетов түрік командасындағы алғашқы голын соқты

Түркия Суперлигасы, 37-тур

“Антальяспор” 2:1 “Аданадемирспор”

Голдар: Мендоса 30’ (аг), Айымбетов 65’, Йылмаз 74’

“Антальяспор”:

Лейте (қ), Йылмаз, Сары, Гержалу, Вурал, Сафури, Сарич, Калужински, Ларссон, Букса, Ассомбалонга

“Аданадемирспор”: 

Магомедалиев (қ), Бурак, Аталь, Гравийон, Чокчалыш, Маестро, Токоз, Алиуи, Айдоган, Мишю, Мендоса

Отандасымыз Абат Айымбетов бұл кездесуге екінші таймда қосылды. Ол 46 минутта Набил Алиуиді алмастырып кіріп, арада 15 минут өткеннен кейін Юсеф Атальдың пасынан нәтиже шығара білді. Қазақстан құрамасының шабуышысы "Адана" командасында ақпан айынан бері барлығы 8 ойын өткізді. 

Осы кездесуде жеңіске жеткен “Антальяспор” 48 ұпай жинап, турнирлік кестенің 10 орнына тұрақтап алды. Ал сәттілік жолдас болмаған “Аданадемирспор” бүгінгі қарсыласына жетіп алуы үшін ендігісінде 4 ұпай жинау керек болады. Абат Айымбетов командасының қоржынында 44 ұпай бар. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×