“Бешикташ” “Карабах” ойыншысына көз тікті

17.05.2024, 23:47

Әзербайжандық “Карабахтың” аяқдопшысы Леандро Андраде ыстамбұлдық “Бешикташтың” сапын толықтыруы мүмкін. 

“Бешикташ” “Карабах” ойыншысына көз тікті

Футболшыға “Бешикташтан” бөлек, Фенербахче клубыда қызығып отыр. Қалай болғанда да Леандро жаңа маусымды Түркия Суперлигасында бастап қалуы мүмкін деп топшыланады. “Карабах” болса, өз ойыншысының трансферін 4 млн еуроға бағалап отыр. 

Андраденің Агдам ұжымындағы келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. 

Кабоверделік хавбек футболдағы кәсіби мансабын португалиялық “Спортингтің” жастар командасында бастаған. 2013 жылдан 2020 жылға дейін Португалияда доп тепкен Леандро болгариялық “Черно-Море” клубына ауысады. Сонда өзін жақсы қырынан көрсетіп, Гурбан Гурбанов баптайтын команданың құрамынан бірақ шығады. 

Трансфермаркет порталы Андраденің трансферлік құнын 1,20 млн еуроға бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×