Әбікен өзінің трансферлік құнын білді

17.05.2024, 23:30

Трансфермаркет порталы «Ордабасы» жартылай қорғаушысы Айбол Әбікеннің трансферлік құнын нақтылады. 

Әбікен өзінің трансферлік құнын білді

Футболдан екі жылға шеттетіліп, қайта оралған Әбікеннің трансферлік құны 1 млн-нан 500 млн еуроға түсті. «Ордабасыда» Айболдан бөлек, Жасур Яхшибоев, Шахбоз Умаров пен Игорь Пластунның құны 500 млн еуроны құрайды.

27 жастағы ойыншы шымкенттік ұжым сапында 2 ойын өткізіп үлгерді. Бір қызығы, Әбікен алаңға қайта оралған алғашқы кездесуінде бірден қызыл қағаз алып, кездесуден шеттетілген болатын. 

Айбол ҚПЛ жалпы алғанда 87 ойын өткізіп, 13 гол 6 голдық пас берген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 1
Күлкілі 3
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×