Біздің алдымызда нақты мақсаттар тұр, соларды шешуге тырысамыз

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
17.05.2024, 15:14

"Елімайдың" бас бапкері Андрей Карпович команданың маусымдағы мақсат-міндеттері жайлы айтты

Біздің алдымызда нақты мақсаттар тұр, соларды шешуге тырысамыз
Андрей Карпович "Елімай" ФК бас бапкері

"Приоритет - әр ойын. Ал одан ары қарай Кубок пен Премьер-лигадағы жағдайға қарай көреміз. Біздің алдымызда нақты мақсаттар тұр, соларды шешуге тырысамыз. Алдыға көз тіге отырып, тон пішкім келмейді. Бізге әр матч маңызды, алдыда не боларын уақыт көрсете жатар. Дәл осы сәтпен өмір сүреміз. Жалпы айтқанда, командада үнемі көбірек футболшы болғанын қалайсың. Жоғары сапалылық пен әрдайым жақсы ойын өрнегін көрсеткің келеді. Бұл дегенің жұмыс процесі. Барлық турнирлерде ойнау керек деген бағытты ұстанамыз және барлық кездесуді ұтуға тырысамыз",- деген еді Андрей Карпович. 

Айта кетейік, "Елімай" ҚПЛ-дің сегіз турынан кейін екінші орында келеді. Семейлік клуб қоржынында 14 ұпай. Андрей Карповичтің шәкірттері келесі турда "Қайратты" қабылдайды. Тоғызыншы турдың орталық кездесуі - 18-мамырда Семейде болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×