Талалаев Әліпке ызалы

16.05.2024, 23:17

“Химки” командасының бас бапкері Андрей Талалаев Нұралы Әліптің Андрей Тороппен соқтығысқан сәтіне байланысты өз пікірін білдірді.

Талалаев Әліпке ызалы

“Егер назар аударатын болсақ, Әліп Тороптың шеткі бет жағына соққы жасады. Абыройға орай, Нұралы қақпашының самай тұсына тимеді. Әрине, ол уақыт өте жазылып қайта қатарға оралады. Бастысы Торопты уақыт жоғалтпай бірден ауруханаға алып кеткені дұрыс болды. Ол есін жоғалтқан күйі алаңға топ ете қалды. Өте қорқынышты қақтығыс. Мен сол сәтте отбасыммен бірге аталған ойынды тамашалап отырған едім. Жаман сезімде болдым. Бар футболшының аман-сау жүруіне тілектеспін. Бастапқы кезде мен Нұралыға қатты қапа болдым. Ол әдейілеп келіп соқтығысқан сынай танытқандай көрінді. Алайда қайталауды зерделей Әліптің қасақана ойламағанына көзім жетті”.

Еске салсақ, “Зенит” пен ЦСКА арасындағы кешегі ойынның 36 минутында допқа таласта Нұралы Әліп “әскерилер” қақпашысы Торопты жарақаттаған болатын. Бас сүйегі зақымдалып, миы шайқалған футболшы ауыр қақтығыстан кейін бірден медициналық мекемеге жөнелтілді. 

Жалпы ойында “Зенит” командасы ЦСКА-ны пенальтилер сериясы бойынша жеңді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×