Абат Айымбетов «Урал» сапындағы алғашқы голын соқты

25.01.2021, 02:02
Айымбетов «Урал» сапында қаралымнан өтуде.
Абат Айымбетов «Урал» сапындағы алғашқы голын соқты

Бүгін "Урал" футбол клубы ОЖЖ-дағы екінші кездесуін өткізді. "Лива" командасымен өткен матчта ресейлік команданың асығы алшысынан түсті - 2:1.

Абат Айымбетов негізгі құрамда шығып, алаңда 65-минут бойы өнер көрсетті. Ойыншы бір гол соғып, бір нәтижелі пастың авторы атанды.

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы "Урал" клубында қаралымнан өтіп жатыр. Бүгін команда сапындағы алғашқы кездесуін өткізді. Сондай-ақ бұл матчқа Қазақстан құрамасының тағы бір ойыншысы Максим Федин қатысты. Ол алаңға екінші таймда шығып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×