Месут Өзіл ресми түрде «Фенербахчеге» ауысты

25.01.2021, 01:50
Месут Өзіл ресми түрде «Фенербахчеге» ауысты

Лондондық “Арсеналдың” бұрынғы ойыншысы Месут Өзіл түркиялық “Фенербахче” клубына ауысты, деп хабарлайды қос клубтың баспасөз қызметі.

Өзіл лондондық клуб сапында барлық турнирлерде 254 ойынға қатысып, 44 мәрте қақпа торын тулатып, 77 рет нәтижелі пас берген. 2020 жылдың наурызынан бері жасыл алаңға шықпай, 16 қаңтар күні қос тараптың шешімі бойынша келісімшартты бұзған еді.

32 жасар жартылай қорғаушы стамбулдық клубпен 2024 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×